Жер дауы. Мемлекет 2022 жылдан бері 7,8 миллион гектар жерді қайтарып алған

2312
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан Республикасы үкіметі ел аумағындағы заңсыз пайдаланылған жер телімдеріне қатысты мәлімдеме жасады. Үкімет мәліметінше, 2022 жылдың басынан бері пайдаланылмай жатқан жер және ауыл шаруашылығы үшін заңсыз берілген 7,8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып алынған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Заңсыз жер телімін иеленгендер еліміздің бірқатар облыстарынан анықталып отыр. Жоспардан тыс тексеру барысында Қарағанды ​​облысындағы 1,5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар:

  • Қостанайда – 738 мың га;
  • Ақтөбеде – 745 мың га;
  • Түркістанда – 631 мың га;
  • Павлодар облысында – 532 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен.

Жер мәселесі бойынша шикілік әлі де бар. Мәселен, республикадағы 5,5 миллион гектар аумақта 2410 жоспардан тыс тексерулер жүрген. Нәтижесінде, жер телімдерін беру туралы заңсыз шешімдер анықталды. Мәселен, ауыл шаруашылығына арналған 526,3 мың гектар жерді беру туралы ЖАО-ның 515 заңсыз шешімі нақтыланды, оның ішінде 135 шешім жойылды, қалған 380-і бойынша олардың күшін жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер