Гүл дүкеніндегі дау. Полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

2665
Adyrna.kz Telegram

Гүл дүкенінде дау шығарған полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы  өзіндік қауіпсіздік департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің "ROMANTIC" гүл салоны мен "Eldorado" ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерді.

Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі "Салғырттық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеретін болады, делінген хабарламада. 

Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ететін болады.

Еске салайық, бұған дейін гүл сатушының соққыға жыққан экс-полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған едік. Одан кейін гүл сатушыны соққыға жыққан экс-полицейдің тағы бір оқиғаға қатысы бар екені анықталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер