Гүл сатушыны соққыға жыққан экс-полицейдің тағы бір оқиғаға қатысы бар екені анықталды

3075
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте сатушыны ұрып-соғып, дүкеннен гүлді алып кеткен экс-полицейдің тағы бір бейнежазбасы пайда болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Желіде таралған кадрларда ер адамның дәмханада шу шығарғаны көрсетілген.

Оқиға 16 мамыр күні Түркістан қаласында болған. Экс-полицей тамақтану орындарының біріне барып, қайтарда есепшотты төлеуден бас тартқан. Оның бұл қылығына дәмхана қызметкерлері наразылықтарын білдіріп, ақшаны алу мақсатында есікті жауып қойған. Бұған ашуланған ер адам есікті бірнеше рет теуіп, айқай шығарады.

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Бейнежазба мамыр айында түсірілген. Дәмхана қызметкерлері есепшот дауына байланысты полиция қызметкерлерін дәмханаға шақыртты. Полицейлер келгеннен кейін клиент есепшотты төледі»,—деп түсіндірді басқарма.

 

<

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер