Шымкент-Алматы. Жантүршігерлік жол апаты. 11 адам қайтыс болды

1878
Adyrna.kz Telegram

Алматы-Ташкент автожолының 181 шақырымында Toyotа Camri жеңіл авткөлік (мемлекеттік нөмері 811 IJA 02) осы бағытта жүріп бара жатқан Mersedes-Bens 814 ( 209HOA 08) жүк көлігінің артына соғылған. Апат салдарынан жеңіл көлікте отырған әйел оқиға орнында көз жұмды. Сол сәтте Шымкент қаласынан Алматы қаласына бет алған Van Hool ( мемлекеттік нөмері 8213 FA 13) автобусы апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болып, аударылып кетті. Автобустағы 46 жолаушының 8-і оқиға орнында қаза болды. 46 азаматтың 44-і Өзбекстан азаматтары, 2-і қазақстандық.
Оқиға орнына жедел түрде Қордай ауданының әкімі, жедел жәрдем, төтенше жағдай қызметтері жетіп, зардап шеккендерді Отар, Қордайдағы ауруханаларға жеткізді.
Апатқа ұшырағандардың 2-еуі ауруханаға жетпей көз жұмғаны белгілі болды. Сонымен апат салдарынан 11 адам қаза тапты. Сондай-ақ 5 адам ота үстелінде, ал 3 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Жарақат алған басқа жолаушыларға тиісті көмек көрсетілуде. Зардап шеккендерге жедел көмек көрсетуге облыс әкімдігінің денсаулық басқармасының басшысы М. Жұманқұлов бастаған 3 оташы-дәрігер тікұшақпен Қордай ауданына жеткізілді.
Орын алған оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, облыстық полиция департаментінің бастығы А.Оразалиев, басқа да тиісті лауазым иелері бар. Комиссия оқиғаның орнына барып, жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап, зардап шеккендерге сапалы көмек көрсетуді ұйымдастыруда. Сонымен бірге оқиға орнында облыс прокуроры Ж.Құсайынов жұмыс жасауда.
Апатқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4 тармағына сай қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер