«Бір ауыл – бір өнім» жобасы финалистерінің бірі – жетісулық Нұржәнет Ердәулет үй шаруашылығында шеберхана ұйымдастырды. Ол саумал, қымыз, айран, бал, жануар майынан ата-баба әдісі бойынша сабын шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, сабын - өзінің қасиеттерімен ерекше, бұл косметиканың бір түрі. Әйел өз тауарын Жетісу облысының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының арқасында сатты.
«Сабын жасаудың ежелгі әдісін әжемнен үйрендім. Біз Қытайдан Қазақстанға көшкен кезде бұл әдісті заманауи түрде жандандыруды шештім. Сабынға хош иіс, түс беріп, пішінді таңдадым», - дейді ол.
Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оңалбаевтың айтуынша, кәсіпкер кеңес алу үшін өткен жылы палатаға жүгінген. Кәсіпкерлікті дамыту орталығында оған қажетті көмек пен қолдау көрсетілген. Қазіргі уақытта кәсіпкер Ақсу ауданында іс бастап, косметикалық сабын шығарумен шұғылданады. Биыл ол «Қорғас» ШЫХО халықаралық көрмесіне қатыспақ.
«Сабын тек біздің елде ғана емес, елден тыс жерлерде де сұранысқа ие. Өнімдерім бірден сатылымға шығып, енді Қытай Халық Республикасынан да тапсырыстар келіп түсіп жатыр», - дейді Нұржәнет Ердәулет.
Енді кәсіпкер бизнесті кеңейтуді жоспарлап отыр, бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, "бір ауыл – бір өнім" жобасына қатысушылардың үшеуі жеңімпаз болады, ал болашақта онымен бірге олардың өнімдерін жылжыту бойынша жұмыстар жүргізіледі, консультациялық сүйемелдеу, республикалық деңгейде насихаттау жүзеге асырылады.