Бізге Президент болып кім келсе де бәрібір

2153
Adyrna.kz Telegram

Менің ойымша Қазақстанды басқару қазіргі жүйе бойынша өте оңай секілді. Мысалы, жақында Түркияда сайлау өтті. Ердоғанды қанша жерден автократ десек те Стамбул, Анкара, Измир, Анталия сынды үлкен қалалардың барлығында Ататүрік құрған оппозициялық CHP партиясы жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы бойынша ірі қалалар оппозиядан шыққан әкімдердің басқаруына өтті. Сайлау процесі барысында өткен саяси дебаттар мен тартыстарда есеп жоқ. Қарсыластар бір-бірінің кемшілігі мен қызметтегі олқылықтарын, қателіктерін xалықтың алдында дәлелдеп, саяси күрес барынша қайнаған науқан болды. Президент Ердоғанның ең жақын саяси серіктесі, бұрынғы премьер-министр Биналы Иылдырым Стамбул қаласы үшін тартыста оппозицияның серкесіне 28 500 дауыс айырмашылығымен жеңілді.

Өзім Түркияда оқығандықтан бізбен салыстыратын нәрсе көп әрине. Мысалы, жақында Қазақстанда президент сайлауы. Астанада ЛРТ (Метро) салудың тоқтатылғаны, құрылыс жоспарында Қытаймен арадағы келісім-шартта бағаның бюджетте 2-3 есе көбейтіліп көрсетілгені белгілі болды. Дәл осы жерде Қытаймен мұндай тиімсіз келісімге келуге үкімет қалай жол берді? Биліктің қай өкілі мұндай бассыз құжатқа қол қойды деген заңды сұрақ туындайды. Бірақ, мен біздің билік тарапынан "Қап, сайлау кезінде xалықтың алдында саяси ұпай жоғалтатын болдық-ау. Ертең осы негатив ақпараттың кесірінен президент сайлауында оппозицияның өкілі билікке келуі мүмкін-ау" деп терлеп-тепшіп, xалықпен жұмыс жасап жүрген билік өкілдерін көріп тұрған жоқпын. Турасын айтқанда біздегі саяси жүйе құрылыс сапасының төмендігі кесірінен метро түгілі Астанадағы ғимараттардың тең жартысы құлап қалса да бәрібір "Нұр Отан" жеңетін система ғой. Вообще париться етіп отырған билік жоқ. Онымен таласып отырған оппозиция да жоқ. "Аяқта боти маған по@и" деген саяси жүйе! Раxат қой!

Мысалы, ертең Елбасы президенттікке "Нұр Отанның" атынан кандидат ретінде кімді ұсынса да элитаның барлығы қолдайды. Табан астында любой кандидатыңды қолдап шығар сөз табады. Бүкіл зиялы мен саяси элита Тоқаев шықса "Ол да супер", Дариға шықса "Елбасының таңдауы бұл да супер" дейтін раxат өмір.

Бұлардан бөлек қандай кен орнының байлығы қандай шарттармен инвесторларға берілді, жылына қанша табыс түседі ешкім президенттен конкретно ештеңе сұрай алмайды. Спрос жоқ! Вот, Президент болсаң 5-6 мұнай кенін сат та, 20% откатын офшорға аудара сал. Кім сені тексереді? Парламент па? Үкімет па? Прокурор ма? Мүмкін сот?.. Бәрін тағайындаған өзің, бір системадағы адамдар тексеріп өле алмай жүр ме?

Менің ойымша Елбасы 30 жыл Қазақстанды былай да бір, олай да бір төңкеріп, жатқызып, тұрғызып от души биледі. Келесі Қазақстан президенттері Елбасы заманындағы xалықтың қараңғылығына қызғанышпен қарайтын шығар.

Бауыржан Серікбаев

Пікірлер