Home » Жаңалықтар » Жетісайлық әйел өгей қыздарын қалай азаптағанын дәптерге жазып отырған

Жетісайлық әйел өгей қыздарын қалай азаптағанын дәптерге жазып отырған

Түркістан облысындағы өгей қыздарын қорлаған әйел туралы тың деректер шықты

28 жастағы жетісайлық әйелдің өгей қыздарын азаптау тәсілдерін дәптерге жазып отырғаны белгілі болды.

Дәл қазіргі уақытта үш жасөспірім ауруханада жатыр. Қатты психологиялық қысымға ұшыраған қыздар үрейленіп қалған. Көрген қорлықтарын ашып айтуға да қорқады, деп жазады otyrar.kz

Өгей шеше арнайы дәптерге қыздарды қалай азаптағанын жазып отырған. Ол қыздарды қысқыш, пышақ, оқтау, инемен қинаған. Ал шәйлеріне ыдыс жуатын гель қосып береді екен. Аяқтарын ыстық суға малған. “Әкелерің келгенде күліп тұрыңдар” деген қатаң тапсырмасы да болыпты.

Өгей шеше үш қызды қалай азаптағанын дәптерге жазып отырған

Туыстарының айтуынша, қыздардың туған анасы бес жыл бұрын отбасынан кетіп қалған, содан бері балаларын іздеп келмеген. Отағасы екінші әйелімен үш жылдан бері тұрып жатыр.

Мұндай азапқа қыздар “әкеміз тағы да ауырып қалмаса екен” деген ниетпен төзіп жүріпті. Әкелері қыздардың анасымен ажырасқанда инсульт алып, қатты ауырған екен. Әкелерінің қиналғанын көрген қыздар тағы да осы жағдайдың қайталанбауы үшін төзіп баққан. Адамға тән емес айуан әрекетке барған өгей шеше қыздарды “түрмеге түссем де, қайтып келген соң естеріңнен кетпейтіндей етіп, кек аламын” деп қорқытады екен.

Өгей ананың не үшін мұндай қорлық көрсеткені жұмбақ күйінде қалып тұр. Қамауға алынған оның 1 жас 7 айлық ұлы бар. Одан бөлек, екінші балаға жүкті екен. Өзі ана бола тұра, өгей қыздарына күн көрсетпеген оның бұл қылығын туыстары да түсіне алмай әлек. Әбден ашынған қыздардың туыстары “өгей шеше қатаң жазасын алсын” деп отыр.

Полицияның хабарлауынша, бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті әйел қамауға алынды.

Sputnik.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Жәйремдегі төбелес. Жеті адам қамалды

Қарағанды облысындағы Жәйрем тау-кен комбинатында болған жанжалдан кейін жеті адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды деп ...