Ұйымдастырушылар кешірім сұрады. Өзбекстанда өткен фестивальде Қазақстан туы өзгеріп кеткен

2516
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанда өткен «Бауырым, болашақ өз қолыңда» халықаралық жастар фестивалінде Қазақстан туы өзгертіп кеткен. Бұл туралы адвокат Данара Саранова Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Фестиваль Өзбекстанда 27-29 шілде аралығында болғаны белгілі болды.

Фотосуретте Қазақстан туының сол жағында ою-өрнек орнында қызыл жиек салынған.

Бұл не деген мазақ? Біз шынымен де басқа елдің туын бұрмалап жатырмыз ба? Оңтүстік Қазақстанның шенеуніктердің патриоттық сезімі қайда? Неліктен олар қымсынбай соның фонында суретке түсіп тұр? Туымыздың дұрыс салынуын талап ету керек еді. Неге жалауды түзетіп, ресми түрде жазбаша кешірім сұратпаған. Әйтпесе, делегация болып жиналып, іс-шарадан кетіп қалуға болатын еді. Әлде бізге бәрібір ме? – деді Данара Саранова.

Адвокат фотосуретте "Аманат" партиясының Түркістан облысы "Жастар рухы", блогер Олжас Мамыр және басқа да көптеген жастар делегация құрамы бар екенін айтты.

Өзбекстандағы ұйымдастырушылар қателесті. Олардың сөзбен кешірім сұрағаны анық. Бірақ туды өздігінен жабысатын лентамен түзетуге болады. Шара 3 күн болды! Баспаханалар жұмыс істемесе тіпті тудың өзін іліп қоюға болар еді – деп жазды адвокат.

Ал қазақстандық делегацияның мүшесі Олжас Мамыр қателік бірден байқалып, ұйымдастырушылар мұндай ұят үшін кешірім сұрағанын жеткізді, деп хабарлады Elitar.kz порталы.

Иә, бұл оқиға бірінші күні болды. Біз ашуланып, наразылық білдірдік. Ұйымдастырушылар кешірім сұрап, екінші күні бәрін жөндеп берді, - деді Олжас Мамыр.

Пікірлер