Алматыдағы ВИЧ анықталған аурухананың бас дәрігері жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметековтің мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тергеу қорытындысына сәйкес, Орталық қалалық клиникалық ауруханада медициналық көмек көрсету алгоритмі сақталған. Алайда инфекция жұқтыру дерегі адами фактормен байланысты. Атап айтсақ, орта медқызметкерлер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзған.
Қазіргі таңда ВИЧ анықталған 3 науқас ЖИТС орталығының диспансерлік тіркеуіне алынды. Антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілді. Қажетті медициналық және психологиялық көмек жергілікті бюджет есебінен көрсетілуде. Болған жағдайға байланысты, сонымен қатар Еңбек кодексінің 48-бабы 2-бөлігі бойынша қалалық аурухананың бас дәрігері Табынбаев Н.Б. жұмысынан шеттетілді, – деді ол.
Одан қоса, ас дәрігердің эпидемиология бойынша орынбасары, жансақтау бөлімінің меңгерушісі, бас медбике мен жансақтау бөлімінің аға медбикесі жұмыстан шығарылды.