Ел тарихындағы алғашқы медаль. Руслан Курбанов семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

5614
Adyrna.kz Telegram
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Италияның Милан қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, ұлттық құраманың көшбасшысы Руслан Курбанов ширек финалда италиялық Валерио Куомоны 15:12 есебімен ұтып, командаластары арасынан алғаш болып финалдық кезеңге жолдама алды. Алайда жартылай финалда ол венгриялық Мате Кохтен 10:15 есебімен ұтылып, қола жүлдегер атанды.

Екінші жартылай финалда Олимпиада және әлем чемпионы франциялық Ромен Каннон италиялық Давиде ди Веролиден жеңіліп қалды.

Руслан Курбатов 1/16 айналымда франциялық Янник Борельді 15:14, даниялық Конрад Сейбек Конгстадті 14:13 есебімен ұтқан. Оған дейін австриялық Джозеф Марингерден басым түсіп, үздік 32 спортшының қатарына қосылды.

Еске салсақ, Курбатов былтыр Египеттің Каир қаласында өткен әлем чемпионатында Эльмир Әлімжанов екеуі ширек финалға дейін жеткен еді.

Пікірлер