Риддердің жылу жүйесін жөндеу үшін үкімет 8 миллиард теңге бөлді

2689
Adyrna.kz Telegram
Фото: Инфоорталық ШҚО
Фото: Инфоорталық ШҚО

Үкімет Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының жылуі жүйелерін жөндеуге 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл туралы ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қаулыға сәйкес, 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкімет резервінен кезек күттірмейтін шығындарға Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына жалпы сомасы 8 миллиард 400 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. 

“Қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады. Сонымен қатар қаражат отын беру галереясы мен аспирация жүйесін күрделі жөндеуге жұмсалады”, – делінген премьер-министр сайтының хабарламасында.

Еске салайық, 2023 жылдың 23 наурызында Риддер ЖЭО-дағы №6 қазандық жанындағы отын беру галереясында көмір тозаңы жарылысы болған еді. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метрді құрайтын қоршау құрылымдарын қиратып, облыс көлемінде төтенше жағдай режимі жарияланды. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер