Ата-анасы жанында болған. Алматы барахолка базарында жасөспірім қызды жүк көлігі қағып кеткен

3467
Adyrna.kz Telegram

Алматы базарында ауыр жүк көлігінің астында қалған 15 жастағы жасөспірім қыздың жағдайы туралы дәрігерлер мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Анықталғандай, ол Алматы қаласындағы Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына шұғыл түрде жатқызылды.

«Бала жол апатынан зардап шекті: қызды Солтүстік айналма көшесінің бойында жолды кесіп өтіп бара жатқанда жүк көлігі қағып кетті, соққының салдарынан қыз бірнеше метрге ұшып кетіп, басын асфальтқа соқты. Қабылдау бөлімінде клиникалық-зертханалық зерттеулер жүргізіліп, мамандардың кеңестері өткізілді» деп жазды Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлердің айтуынша, қойылған диагноз:

  • Жабық бас сүйек-ми жарақаты;
  • Мидың шайқалуы;
  • Жұмсақ тіндердің зақымдануы, сол жақта парието-оксипальды аймақтың тері астындағы гематомасы;
  • Оң жақта тізе буынының, сол жақта шынтақ буынының, оң жақта қолдың көгерген абразиясы;
  • Оң жақта санның жұмсақ тіндерінің көгеруі.

Жасөспірім орталық стоматологиялық медициналық орталығының нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

Еске сала кетейік, 25 шілде күні Алматы қаласындағы барахолка базарында бір отбасының "Солтүстік айналма жолы" көшесін кесіп өтпек болғанында, 15 жасар қыздың жүк көлігінің астында қалғаны айтылған болатын. Жасөспірім қыздың жанында ата-анасы да болды. Сондай-ақ, видеода байқалғандай заңсыз жерден жүгіріп өтпек болған отбасының дәл үстінде жаяу жүргіншілерге арналған көпір орналасқан. Алайда, отбасы төте жолмен тез өтуді таңдаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

 

Пікірлер