"Отандастар" қоры оралмандарды Ресей тілінде «қолдайды»

1968
Adyrna.kz Telegram

Елбасымыздың арнайы тапсырмасымен құрылған «Отандастар» қоры жайында ел ішінде дұрыс көзқарас қалыптаспай жатыр. Жұмысын бастағанына жылға жуықтаған бұл қордың  facebook арнайы парақшасын ақтарсақ, шетелде көзі жәудіреген көп қазақпен түк қатысы жоқ, Қазақстан Респубикасының "Отандастар қоры" емес, СССР-дың "Родина" қоғамның 21-ғасырдағы парақшасына тап болғандай күй кешесің. Қаптаған референдумдарға қол қою, Германия, Франция сияқты санаулы ғана қандас тұратын Европа елдеріне қыдырып қайту,...
барлық жиындары мен шараларын дерліктей орыс тілінде өткізу сияқты кері бағытта кетіп бара жатқаны көрініп тұр.

https://www.facebook.com/303538873840291/posts/318925692301609/
https://www.facebook.com/303538873840291/posts/315017692692409/
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=135829720871683&id=100033339668232
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=132148164573172&id=100033339668232
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=131707664617222&id=100033339668232
Біраз жылдар бұрын «Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы» да Европаны шыр айналып той тойлап, "Самұрық қазына "қазынасын суша сапырып, қандастардың наразылғына қалған болатын. Алайда,  одан сабақ алайын деген "қор" көрінбейді. "Отандастар қоры" қорда Қазақ тілін қорлап жатқанда "Дүниежүзі Қазақ қауымдастығы" деп аталатын аты таудай, Елбасы төраға болатын қауымдастық тырп етпей жатыр.
Зейнет жасынан асқан, күш-жігері мұқалған шал-кемпірлерді жинап алып, қай жерде ет пен той бар деп аңыс аңдап жатса керек...
Әңгіме қор жұмысы туралы ғой, ендеше мынаған назар салыңыздаршы: 4-ші сәуір күні қор басшылары «Газета Литерге» тікелей эфирге шықты.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2066427773658089&id=1536592506562959 Жиналыс 100 пайыз Ресей тілінде өтті. Эфирді көріп, ренішін ашық жазған наразы пікірлердің астында қалса да бір ауыз қазақша үн қатқан жоқ. Қазақша бір ауыз сөзді білмейтін бір топ дәнішпан орыс тілді газетпен шеттегі қандастар жайлы не айтып,мне қойғанын шеттен келген Қазақтар түсінген жоқ. Қор алғаш құрылған кезде Қазақша дұрыс білмейтін Нұртай Абықаев өзі білмесемде қасына мемлекеттік тілді білетін,мұлтқа жаны ашитын адамдарды топтайтын шығар деген үмітте болдық. Талай сынауға тиіс кезде жаңа құрылды ғой деп күттік...
Алайда, қордың мемлекеттік тілді қорлай қарауы тоқтар емес. Әлемде шашыраған 5 миллионға жуық қазақтың 80-90 пайызы Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Түркия сияқты елдерде тұрады. Олар орыс тілін мүлде түсінбейді, түсінгісі де келмейді. Ал, Ресейден келетін қандастар үшін құжат рәсімдеу елімізде еш проблема тудырмайтыны онсызда түсінікті.
Басшысы да, қосшысы да өзге тілде сайрайтын бұл қор «алдағы уақытта қазақ көшін жандандырып, Қазақ еліне қандастарды жүз мыңдап тартады. Ағайынның мұңын тыңдап, жанын сала қызмет етеді» дегенге сенуден қалдық.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана: «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде» деп ашық айтқан болатын.
Оралмандар үшін шынайы жұмыс істемей, той тойлап, өз қамдарын ғана ойлап, Ел қазынасын шашатын болса, бұндай қорды көз алдап құруың не қажеті бар?
Егер, жаңа Президент Қасымжомарт Тоқаев сөзінде тұрса,  алдағы еліміз үшін маңызды тарихи кезеңде елдің қолдауына, сеніміне ие боламын десе, онда жүгенсіз кеткен "Отандастар қоры" жөнге салу керек.
"Дүниежүзі Қазақ қауымдастығы" жане Отандастар" қорының шеттен келген Қазақтарға жаны ашымауынан,  әрекетсіздігінен, Қазақ тілді Қазақтармен байланыс жасай алмауынан билікке сенімі кетіп ,әртүрлі белгісіз топтардың сойылын соғып,  артынан ілесіп кетуі мүмкін.
Сондықтан алда болатын сын сағаттарда елдің беркесі, тынштығы үшін, шеттен келген бір миллионнан астам қазақтың наразылығын тудырмау үшін,  жоғарыда аты аталған екі екі ұйымның жұмысын тікелей Президент бақылауына алу керек деп ойлаймын. Әрі қордағы Қазақ тілін білмейтін,ақша жасау үшін келгендерді қордан аластайтын уақыт жетті!!!
Берік Уәли ағамыз президент Қасым-Жомарт Кемелұлына жеткізер деп ойлаймын.

Serik Kerei-дің Фб парақшасынан

Пікірлер