Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлық қылмысына барды деген күдікке ілініп, сот үрдісі басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеуді аяқтады. Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді.
Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды.
Тергеу барысындағы ақпараттар жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген мәліметте.
"Адырна" ұлттық порталы