Депутат пен кәсіпкер арасындағы жанжал

2136
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында депутат кәсіпкерді соққыға жыққан, деп хабарлайды “Адырна” ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл оқиға Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылында орын алған.  Кәсіпкер аудандық депутаттың өзіне қол көтеріп, дене жарақатын салғанын айтқан.

Дерек бойынша, депутат Яссауи Мүслім өз ауылдасы, кәсіпкер Мұстафа Әлжановпен кикілжіңге келген. Жанжалға себеп - кәсіпкердің малы болған секілді.

Кәсіпкердің 150 бас ірі қараны ауыл ішіндегі қораға әкелуі тұрғындардың наразылығын тудырған. Бұл іске аудан депутаты араласып, арты төбелеске ұласып кеткен. Оңбай таяқ жеген кәсіпкер оншақты күн ауруханаға жатып шығып, полицияға арыз түсірген. Алайда, депутат “ешкімді ұрған жоқпын” деп ақталуда.

Ауыр соққыдан зардап шеккен жәбірленушінің мұрны сынған, қабағы қарс айырылған.
45 жастағы кәсіпкер ауруханада 11 күн емделіп күні кеше шыққан.

Қазір бұл іс аудандық полиция департаментінің қатаң бақылауында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер