Ұлттық құндылықтар ұлықталады

198
    «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грант аясында «Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды жүргізу» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға кірісті.

Жобаның мақсаты – ұлттық құндылықтарымыз негізінде діни экстримистік ағымдарға қарсы кешенді күрес жүргізу, төл тарихымыз бен мәдени ерекшеліктеріміздің көмегіне сүйеніп жастардың бойындағы мемлекетшілдік, отаншылдық қасиеттерді қалыптастыруға үлес қосу.

Жоба аясында «Адырна» ұйымы Қазақстанның барлық аймақтарындағы жоғары оқу орындарының 1-2 курс студенттеріне дәрістер, діни оқу орындарында семинар-тренингтер, діндер тарихы мен діни ағымдармен күрес тақырыбын зерттеуге, талқылауға арналған дөңгелек үстел мен конференция, ұлттық музыка концерті мен журналистер арасында байқау ұйымдастырып, конференция жинағы, әдістемелік құрал мен буклеттер жарық көреді.

Жобаны жүзеге асыру 2019 жылдың наурыз бен қараша айлары аралығында өтеді.

 

Пікірлер