Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланды

1966
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс құрылтайында бірлестіктің жаңа президенті болып журналист, қоғам қайраткері Рауан Кенжеханұлы сайланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысы айтқандай қазіргідей ақпарат пен жаңа технология қарқынды дамып жатқан кезеңде қазақ тілінің ұлтаралық және халықаралық тілге айналуына қызмет ету керек екені белгілі. Бұл орайда Рауан секілді википедияны қазақша сөйлетіп, әдебиетімізді әлем тілдеріне аударған, тіліміздің мерейін көтеру үшін қыруар жобалар жасаған белгілі азаматтың бұл қызметті абыроймен атқаратына сенім мол»,– деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы атқарған еді.

Пікірлер