Күресінге кеткен мүсіндер. Ленинді ешкім құтқара алмады

3001
Adyrna.kz Telegram

Семей саябақтарының бірінде орналасқан «Ленин бюстері» алынып тасталды. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты, ақын Мерей Қарт Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 Семейдегі «Ленин бюстері» келмеске кетті, Алаш арыстары тұғырға қонар кез келді! - деп жазады ол.

Ақынның пікірін оның әріптесі, Абай облыстық мәслихатының депутаты Шағангүл Жанаева да қолдап, қуанышын білдірді.

 Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін коммунистік идеологияның  һәм Совет Одағының ірі көсемдерінің бюстерін қаланың әр-әр жерінен  жинап, осы бульварға әкелген болған. Бульвардың көп бөлігін алып тұрған осы мұсіндерді бүгін тасып, әкетіп жатыр екен. Таң қалдық.

Тәңірім, бұл күнді көрсеткеніңе шүкір! Талай әкім басқарды ғой қаланы. Бірде біреуінің қайраты жетпеп еді…

Семей  рухани жаңғырып жатыр!  Алаш рухты әкімдеріміз аман болсын! Қадірлі жерлестер!  Құтты болсын! Жаңарудың басы құтты болсын! – деп жазды Шағангүл Жанаева.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер