Қас-қағымда тағы апат. Бір көлік соққан мотоцикл жүргізушісі екінші көліктің астында қалды

2533
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында Lexus көлігімен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды "Адырна" порталының тілшісі.

Әлеуметтік желіде 17 шілде күні Алматы облысының Гүлдала ауылында Lexus көлігі, мотоцикл және автобустың қатысуымен болған жол апатының видеосы пайда болды. Кадрларда көліктердің арасында келе жатқан мотоциклшінің Lexus жүргізушісімен соқтығысып, жолда қалай құлағанын көруге болады. Олардың артынан келе жатқан автобус құлаған жүргізушіні айналап өтпек болғанмен жәбірленуші кқлік астында қалды. Басылым авторының хабарлауынша, қазіргі уақытта көптеген ауыр жарақаттар алған мотоцикл жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр. Көлік оқиғаға байланысты жасырынып үлгерген.

Алматы облысының полицейлері жол апатының мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

"Аталған ақпаратқа сәйкес, аталған көлік жүргізушісінің тұрған жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде құқық бұзушы қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілікке тартылады. Басқа да мәліметтер қосымша ескертіледі», - деді полиция.

Алматының көпсалалы клиникалық ауруханасы жарақат алған мотоцикл жүргізуішсінің жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

Пікірлер