Home » Айдарлар » Саясат » Назарбаевтың бұрынғы қарсыласы сайлауға түсуге дайын екенін айтты

Назарбаевтың бұрынғы қарсыласы сайлауға түсуге дайын екенін айтты

Оның айтуынша, қоғамдық ұйымының атынан президенттікке кандидат болуға заңды құқығы бар

 “Табиғат” экологиялық одағының лидері Мэлс Елеусізов Қазақстан президенті сайлауына үшінші мәрте қатысуға дайын. Бұл туралы ол КТК телеарнасына берген сұқбатында мәлімдеді.

“Сайлауға өзім түсемін. Егер мені қазір өткізбесе, өзіме ұнайтын кандидаттың командасына қосыламын. Қалай болғанда да мен бұл сайлауға қатысамын. Қажет болса, өңірлерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын өзім жүргіземін”, – деді Елеусізов.

Ол президент тағына таласуға заңды құқығы бар екенін айтып, өзінің қоғамдық ұйымы 90-шы жылдардың басында тіркелгенін еске салды.

“Маған тосқауыл болмауға кеңес беремін”, – дейді ол.

Айта кетсек, Мэлс Елеусізов Қазақстан президенті сайлауына екі мәрте түсті: 2005 жылы 0,28% дауыс жинаса, ал 2011 жылы – 1,15%. 2011 жылғы сайлауда ол Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беріп, журналистерге бюллетенін көрсеткен еді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Президенттікке кандидаттарды елімізде тіркелген саяси партиялар мен републикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынуға құқылы. Үміткерлерді ұсыну 10 сәуірде басталды, енді ол 28 сәуір 18:00-ге дейін жалғасады.

Sputnik

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

37 ел Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын қолдады, арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар

37  елдің өкілі БҰҰ-на бірігіп хат жазып, Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын қолдайтынын мәлімдеген. Хатқа қол қойғандар ...