Баянауыл ұлттық паркінде өрт шықты. Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды “Адврна” ұлттық порталы.
Ақпарат бойынша, өртті сөндіруге 130 өрт сөндіруші жұмылдырылған
14 шілде күні сағат 12.45-те Баянауыл ауданында Қызылтау ауылынан 20 шақырым жерде ашық аумақта шамамен 800 гектар құрғақ шөп өртенді, - делінген хабарламада.
Өрт Долбинск орман шаруашылығының (115, 117, 118 орам) аумағына өтіп, ондағы тағы 20 гектар аумақты шарпыған.
Өртті сөндіруге 7 техникамен 27 құтқарушы, 13 техникамен орман шаруашылығының 40 қызметкері, ерікті өрт сөндіру жасағынан 11 техникамен 55 адам және жергілікті атқарушы органдардан 4 техникамен 8 адам жұмылдырылған.
Айта кетейік, өрт оқшауланды, әлі толық сөндірілген жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барлық азаматты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, әсіресе орман және ауылшаруашылық жерлерінде мұқият болуға шақырды.