Небәрі 51 мың теңге! Сот Назарбаевтың "заңсыз құрылыс жүргізген" сыныптасын айыппұл төлеуге кесті

2306
Adyrna.kz Telegram

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы, бұрынғы шенеунік Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбек заңсыз құрылыс жүргізді деген күдікке ілініп, айыппұл төлеуге кесілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Сот Қыдырғали Байбекті лицензиясыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқаны үшін кінәлі деп тапты. Оған 51 750 теңге айыппұл салынды.

Бұған дейін, Байбектің әкесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 319-бабы бойынша айып тағылған болатын. 

Айта кетейік, Қыдырғали Байбек көпшілікке Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің әкесі және экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы ретінде танымал. Ол теміржол саласында еңбек еткен.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер