Шудан кейін. "Шаңырақ" балалар ауылы мекемесіне уақытша жаңа басшы тағайындалды

2470
Adyrna.kz Telegram

Қоғамдық  талқыға түскен мәлімдемеден кейін "Шаңырақ" отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мекемесіне уақытша жаңа басшы тағайындалды. Ол өз қызметін конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін уақытша атқаратын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Шаңырақ" отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшылығы ауысты. Мекеме директорының уақытша міндетін атқарушы болып Мұқашев Қасым Хадырұлын тағайындалды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, уақытша басшы - білікті маман:

 - Қасым Хадырұлы бұған дейін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, Дағдарыс орталығы, №1 Жетімдер үйінде ұзақ жыл еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған маман.

Жаңа басшыға тәрбиеленуші балаларды қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жайлы жағдай қалыптастыру бойынша тапсырмалар жүктедім.
Қасым Хадырұлының еңбек жолында жинақтаған тәжірибесі "Шаңырақ" балалар ауылындағы қалыптасқан күрделі ахуалды реттеуге ықпалын тигізетініне сенемін. Балалар ауылы Атырау облысы әкімдігінің үнемі басты назарында екенін атап өткім келеді, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, желіде Атыраудағы «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушісінің видеосы тарағанын хабарлаған едік. Видеода автор тың мәлімдемелер жасап, балалардың жәбір көріп отырғанын айтады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер