Home » Жаңалықтар » Президент сайлауы 9 маусым

Президент сайлауы 9 маусым

ҚР Президентінің міндетін уақытша атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 13:00-де телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялады. Онда Тоқаев Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусым күні өтетінін жариялады.

Барлық жауапкершілікті мойнына ала отырып Президент алдағы сайлауда “Бұл сайлау таза, әділ, ашық  әрі шынайы өтетініне мен кепіл боламын” деді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы ел тізгінін қолға алғалы ел аралағанын, халықтың көңіл-күйін жақсы білетінін де атап өтті. Осы жолғы сайлауда “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып”, жұрт болып жұмыла көтерейік деді.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Жәйремдегі төбелес. Жеті адам қамалды

Қарағанды облысындағы Жәйрем тау-кен комбинатында болған жанжалдан кейін жеті адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды деп ...