3 шілдеде Гаагада Украинаға қарсы агрессия қылмысын қудалау жөніндегі халықаралық орталық (ICPA) ашылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Deutsche Welle"-ге сілтеме көрсете отырып.
DW тілшісінің хабарлауынша, халықаралық орталықтың құрамына Украина, Еуроодақ, АҚШ және Халықаралық қылмыстық сот (ХБК) өкілдері кіреді. Орталықтың басты міндеті - Украинаға қарсы көрсетілген агрессия қылмысының дәлелдерін жинау және басқыншылыққа қарсы тергеу жүргізу.
Украина, Балтық елдері, Румыния және АҚШ прокурорлары Гаагада Украинаға қарсы агрессия қылмысының дәлелдерін жинайды. Басылымның жауынша, мұндай қызмет кінәлілерді жауапқа тарту жолындағы алғашқы нақты қадам саналады.
Еуропалық Әділет комиссары Дидье Рейндерстің айтуынша, Орталық ашу - Украинаға қарсы агрессия үшін кінәлілерді жауапқа тарту жолындағы алғашқы әрі нақты қадам.
"Бұл - Әлемдік күрестің дәлелі. Біз Украинаны қажетінше қолдауға міндеттіміз",-деді ол Еуроуста өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, комиссар халықаралық орталықта 20 прокурор қызмет етіп, агрессиялық сипаттағы әрекеттерді әшкерелеумен айналысатынын айтты.
"Адырна" ұлттық порталы