Ринат Зайытов демалыста қайда баратынын айтты

6010
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов демалысын қалай өткізетінін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында шетелге демалуға бармайтынын атап өтті.

«Шетелге ме? Менде ондай жоқ. Мен әрі кетсе Алакөлге барамын. Аягөз бен Семейдің жолын көру үшін ертең жолға шығамын. Бұрын шетелге шығатынмын. Қазір ондай мүмкіндік жоқ. Бір әулеттің шетелге барып келуі үшін кемінде 2-3 млн теңге ақша керек. Қазір өзіміздің туризм де жақсы деңгейде дамып келе жатыр»,—деді ол.

Айта кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды.

Пікірлер