Депутаттар каникулға кетті

2677
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.

«Халық қалаулыларының жаңа толқыны келді. Ұзақ уақыттан кейін алғаш рет Мәжіліс депутаттары бір мандатты округтерден сайланды. Әйелдердің, ерекше қажеттіліктері бар жандардың және жастардың саны артты. Сегізінші шақырылымды барлық шақырылымның ішіндегі ең жас парламент деп атауға әбден болады», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары өз жұмысын биылғы жылдың сәуір айында бастады.

Пікірлер