КСРО-ның логотипі неге қойылған? Алматыдағы Завод барының басшылығы жауап берді

2294
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласында орналасқан Завод барында қазақ тілінде жазылған мәзір жоқ және логотиптерінде Кеңес одағының (КСРО) белгісі бейнеленген. Бұл туралы “Адырна” ұлттық парталына оқырман хат жолдап, айтып берді. 

Оқырманның айтуынша, барға барғанда қазақ тілді мәзірді мүлде көрмеген. Сұрағанында “бізде тек орыс және ағылшын тілді мәзір бар” деп жауап берген.

“Адырна” тілшісі оқырманның хатына құлақ аса отыра, мейрамхана басшылығына да сауал жолдады.

Тілшінің сауалына аталған бардың басшысы Руслан Букеев жауап берді. Айтуынша, бар 1 ай бұрын ашылған. Алдағы уақытта қазақ тілді мәзірді де шығармақ.

Біз “Event summer” деп аталатын барлар желісінен тұрамыз. Оның Алматыда 8 шағын бары бар. Оның бірі - осы Завод бар. Тек осы барда ғана КСРО-ның кішкене белгісі  бейнеленген. Біз бұл логотипті қоюымыздың себебі, Қазақстан тарихы бойынша, біз КСРО-дан бөлініп шықтық. Және барға ата-аналарымыз, Кеңес Одағының көзін көргендер келіп, жастық шақтарын еске алсын деген ниетте қойдық.

Ал мәзірге келсек, біз 1 ай бұрын ғана ашылдық. Қазір орыс тілінде мәзір бар. Өйткені, ол мәзір әлі сынақта. Егер ондағы тағамдар мақұлданып өтсе, тамызға дейін қазақ тілінде мәзір жасаймыз. Ал бізде ағылшын тілінде мәзір мүлде жоқ,  деп жауап берді бар басшысы. 

Пікірлер