Маңғыстаудағы балабақша бір принтерді 10,7 млн-ға сатып алмақ болған

2486
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстаудағы балабақша мемлекеттік сатып алу порталында принтердің бір данасын 10,7 млн теңгеден алмақ болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Өңірде мемлекеттік сатып алуды тиімсіз жоспарлайтын мекемелер бар. Мысалы, Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты мемлекеттік балабақшалардың бірі 32,1 млн теңгеге 3 дана принтер сатып алуды жоспарлаған. Яғни, принтердің бір данасын 10,7 млн теңгеден сатып алуды көздеген. Алайда, жоғарыда көрсетілген тауардың нарықтағы құны - 100 мың теңге. Департамент берген ұсыным хаттың негізінде мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, 31 млн теңге қаражат үнемделді»,-деді ол.

Айта кетейік, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алатын тауар немесе қызметтерінің бағаларына мониторинг мемлекеттік сатып алудың жоспарлау сатысында және нарықтық көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі.

Пікірлер