Мысықты мыжғылаған қыздың әрекеті әлеуметтік желіде талқы тудырды

2773
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үйлердің біріндегі лифтте кішкентай қыздың мысықты аяусыз ұрып-соғып жатқан сәтінің бейнежазбасы таралды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазнет қолданушыларының айтуынша, оқиға «12 месяцев» тұрғын үй кешенінің бірінде болған.

Қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған факт Алмалы ауданының полиция басқармасында тіркеліп, тексеру жүргізілді. Құқық бұзушылық жасаған 11 жасар қыздың ата-анасымен бірге Қарағанды қаласынан туыстарына қонаққа келгені анықталды. Құқықтық баға берілетін болады»,—деді басқарма.

Желі қолданушылар қыздың әрекетіне түрлі пікір білдірді.

«Үйінде осындай тәрбие көрген ғой», «Әлі кішкентай ғой, өз әрекетін түсінбей тұр», «Шұғыл түрде психологқа бару керек»,—деп жазды олар.

<

Пікірлер