Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды

2798
Adyrna.kz Telegram

Азамат Бекет Ақтөбе қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен Азамат Бауыржанұлы Бекет Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Азамат Бекет - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің және Экономика және құқық академиясының түлегі.

2016 – 2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

2018 – 2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып еңбек еткен.

2020 – 2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Пікірлер