Семейде жолаушылар мінген автобус өртеніп кетті (ВИДЕО)

2802
Adyrna.kz Telegram

21 маусым күні Семейде автобус өртеніп кетті. Бұл туралы Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әлеуметтік желілерде автобустың жанып жатқан бейнежазбасы таралды.

Басқарманың мәлімдеуінше, төтенше жағдай туралы хабарлама «101» пультіне сағат 8:50-де түскен.

«Жолаушылар тез арада автобустан шығып үлгерді. Құтқару бөлімшелері келгеннен кейін 2013 жылғы ПАЗ автокөлігі жүріп бара жатқанда қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, аспаптар панелі, салонның ішкі қаптамасы, отырғыштары мен кузовы жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы 20 шаршы метр болды. Өрт тез арада сөндірілді», - делінген хабарламада.

Болжам бойынша өрттің болуына қауіптілігі жоғары агрегатқа салғырт қарау себеп болған.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

<

Пікірлер