Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан азаматтары үшін виза талаптарын жеңілдету мәселесіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Президенттің айтуынша, Қазақстан азаматтарының Германияға баруын және Германия азаматтарының Қазақстанға келуін анағұрлым жеңілдететін мүмкіндіктерді қарастыруға Германия жағы да мүдделі. Ал виза мәселесі Еуроодақ төңірегінде қарастырылатын болады.
"Бұл өте маңызды аспект. Қазақстан азаматтарының Германияға келуін және Германия азаматтарының Қазақстанға баруын анағұрлым жеңілдететін мүмкіндіктерді қарастыруға біз де мүдделіміз. Өзіңізге мәлім, виза мәселесі Еуропалық Одақ деңгейінде, еуропалық құрылымдар деңгейінде қарастырылады. Сондықтан біз аталмыш мәселе бойынша ЕО ұстанымын құптаймыз", - деп қысқа қайырды Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер.
"Адырна" ұлттық порталы