Министр банк үшін не істей алатынын айтты. «Кепілдегі адамды босатып, өзім қалайын дедім»

1782
Adyrna.kz Telegram

Кеше Астана қаласындағы Каспи банктің ғимаратында бір қарулы ер адамның 7 адамды кепілге алғаны хабарланды. Оқиға кезінде күзетшінің әрекеті жайында мәлімет жоқ. Соңынан құқық қорғау өкілдері күдіктімен келіссөз жүргізіп, көзден жас ағызатын газ қолданып, екі сағатқа жетер-жетпес уақытта ғимаратқа басып кіріп, кепілге алынған азаматтарды құтқарды.

Әлеуметтік желіде осы іске байланысты әр түрлі пікір айтылды. Азаматтардың бір бөлігі «Арлан»жасағының ісіне тәнті болса, екінші тарап мұны қойылым деп бағалады. Шын мәнінде Каспи банк ғимаратындағы бұл оқиға қойылым ба, жоқ әлде шын ба? Осы және өзге де сұрақтарды ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың өзіне қойдық.

Каспи банктегі оқиғаға байланысты министрліктің баспасөз қызметінен бұрын телеграмда ақпарат таратылды. Бұған байланысты тексеріс жүргізесіз бе?

Арнайы операцияға ішкі істер министрлігінен басқа да органдар қатысты. Нақтырақ айтсам,прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті және әкімшіліктің адамдары болды. Егер қандай да бір ақпарат шыққан болса, қызметтік тексеріс жүргізілетін болады.

Министр мырзаның өзінің келіссөз жүргізуіңізге не себеп болды?

Мен қазір сіздерге мән-жайды толық айта алмаймын деп отырмын ғой. Өйткені тергеу жүріп жатыр. Кездесуін кездестім, енді шақырып...

Сізді шақырды ма?

Жоқ, алдын-ала өзім телефонмен сөйлестім. Сосын кіріп кепілдікке алған азаматшаны босатуды сұрадым. Өйткені ол апасымен сөйлесті. Оған көнбеген соң арнайы жасақтардың жұмысы басталды.

Қоғамда кешегі іске байланысты «қойылым» деп сенбеушілік бар. Бұл шынында қойылым ба?

Ондай әңгіме жоқ. Ол өтірік жалған әңгіме. Өйткені имиджді ондай «қойылымдар» емес, басқа жұмыстар көтереді.

Сіздің келіссөз жүргізуіңізге не себеп болды? Ішкі істер министрлігінде сізден басқа адам жоқ па?

Келіссөзде менен де басқа адамдар болды ғой. Менің орынбасарларым болды. Келіссөз жүргізген адамдар болды ішінде.

Өзіңізді кепілдікке алады деп ойлаған жоқсыз ба?

Жоқ өзім айттым, кепілге алған адамды босатып,өзім қалайын деп. Бірақ оған көнбеді.

Үстіңізде бронежилет болды ма?

Ол бронежилетпен кіргізбеді.

Күдіктінің қандай талабы болды?

Оның талабы әр түрлі болды. Қазір мен барлық ақпаратты айта алмаймын. Өйткені қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Күдікті бұған дейін қандай баптармен сотталған?

Біреуі ұрлық, біреуі алаяқтық.

Ғимаратқа екі сағатқа жетер жетпес уақытта басып кірдіңіздер. Бұл аз уақыт емес пе? Неге қатерге бас тіктіңіздер? Кепілдегі адамдардыатып тастауы мүмкін еді ғой?

Онымен келіссөз жүргізді ғой. Ғимаратта кепілге алынған біздің азаматтар болғасын олардың да қауіпсіздігін жан-жақты қарау керек қой. Мен енді бүкіл құпияны ашпай-ақ қояйын. Қазір тергеу жүріп жатыр, тергеу аяқталған кезде немесе прокурордың рұқсатымен келесі мәліметтерді аласыздар.

Екі сағатта ғимаратқа басып кіру қаншалықты дұрыс болды. Біреу қаза тапқан жағдайда сіздердің қызметтеріңізге сын болмас па еді?

Мұны тергеу барысы анықтайды. Дұрыс болды, бұрыс болды ма деген сұрақты тексеріп, шешім қабылдайды.

Сізді ешкім шақырмаса да онымен кездесуге неге бардыңыз?

Мен  онымен телефонмен сөйлестім. Өз еркімен берілетін болса (жазасын жеңілдетуге кепілдік берейін деп бардым). Өйткені 261 бапта «Егер кепілдікке алған азаматтарды өз еркімен босататын болса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатуы да мүмкін» деген қосымша жазылған. Соның бәрін түсіндіріп, ашуын басуға тырыстым. Біздің қолданған құралдардың ешқандай қауіпі жоқ. Ол тек қылмыскердің көңілін аудару үшін жасалған. Жалпы 10-12 секундтың ішінде бүкіл операция бітті.

Серік Жолдасбай

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер