Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

1986
Adyrna.kz Telegram

“Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады”, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстанның су жаңа әкімін жеке қабылдады. Кездесу барысында өңірдің жаңа басшысына маңызды міндеттер мен тапсырмалар жүктеді. Халықтың  тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттырып, аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне назар аударуды ескертті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қатон-Қарағай, Марқакөл аудандарын қайта құру жөнінде шешім қабылданғанына тоқталып, шекаралас аумақтағы елді мекендерді жүйелі түрде дамыту қажет екенін, жұмыстарды қайта пысықтау қажеттігін мәлімдеді.

 

Пікірлер