“Мұрат Жүребеков ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды”, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Премьер-Министрдің жаңа кеңесшісі 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Мұрат Жүребеков Қазақстаннан бөлек, Шотландия мен АҚШ-тың жоғары оқу орындарында білім алып келген. Еңбек жолында «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондондағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «PSA» ЖШС-да жауапты қызметтер атқарды. 2019 жылдың шілде айынан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі, кейін энергетика бірінші вице-министрі болған. 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет атқарды.Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз