Журналист Жанбота Төлегеннің Грузияда кісі қолынан қаза тапқаны хабарланды

3598
Adyrna.kz Telegram

Мамыр айының ортасынан бері әріптестері Жанбота Төлегенді іздеп, оның 21 мамырда Телавиде өлтірілгені белгілі болды. Бұл туралы журналист Нәзира Дәрімбет Facebook желісінде жазды, деп хабардайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, Жанботаның өлтірілгенін сыныптастары хабарлаған.

Нәзира Дәрімбет осы постында Қазақстан сыртқы істер министрлігінен алынған жазбаша деректі қоса жариялаған. Онда Грузия құзырлы орындарынан алынған мәліметке сілтеп, журналистің кісі қолынан қаза тапқаны хабарланған. Соған орай "қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу жұмыстары басталғаны, күдіктінің ұсталғаны, мәйіттің сараптамада екені және тексеру аяқталғаны айтылған.

Ал Нәзира Дәрімбет қанша құзырлы орыннан түскен мәлімет болса да, бұған сене алмай тұрғанын, қатты алаңдаулы екенін білдірген.

"Жанботаны 21 мамыр күні Грузияда Телави қаласында өлтіргенін сыныптастары хабарлады! Бір айдан бері байланысқа шықпай қалып еді. Онымен бір жобамыз бар еді, ол маған бір нәрсені аударуға көмектесті. Ал біз онымен бұл жобаны әлі аяқтаған жоқпыз. Ол бәрін мұқият, жақсы аударған, ол сауатты адам, орысша- қазақша жазады. Жанбота Төлегенді білетіндеріңіз бар шығар. Ол журналист – біздің әріптесіміз. Мен енді не ойлайтынымды білмеймін. Ол менімен соңғы рет 19 мамырда WhatsApp арқылы хабарласқан болатын..." деп жазған Нәзира Дәрімбет.

Өзінің жазуынша, соңынан ол Жанботаның үйіне барса керек. Алғашында бірге тұратын туысы оның бір жаққа кеткенін ғана айтқан. Одан кейін Нәзира Дәрімбет бір күннен кейін 9 маусым күні учаскелік полиция қызметкері Бағдаттың телефон нөмірін тауып, байланысқан. Ал сенбі күні, 10 маусымда ол үйіне күндіз және кешке барған, бірақ ешкім есік ашпаған. "Жақында оның денсаулығы нашарлап аяғы мен белі ауырды. Ол үйде әрең қозғалатын және кенет бір жерге кетеді деген - ешкім ойында жоқ",- деп жазған Нәзира Дәрімбет.

"Жанботаны танитындар біледі, оның аяғы ауырады, ақсақ, мүгедек. Ол алыс жолға ешкімге ескертпестен кете алмайды, ол өте жауапты. Шынымды айтсам, мен қатты уайымдаймын және не ойларымды білмеймін. Онда бәрі жақсы деп үміттенемін.  Жанбота, осы постты көрсең жауап берші, сенде бәрі жақсы болсын, мен бекер үрейленіп жатқан шығармын. Бекер шу шығарсам кешіріңіздер. Достар, заңгерлер, не істеуге болады, адамды табуға болады? Кеңес беріңіздер! Мен шарасызбын",- деп жазған Нәзира Дәрімбет.

 

Пікірлер