Германия президенті Маңғыстауға келе жатыр

2413
Adyrna.kz Telegram
Фото: picture alliance/dpa
Фото: picture alliance/dpa

19-21 маусым күндері Тоқаевтың шақыртуымен Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

Екі ел басшылары сапар аясында келіссөздер жүргізеді, сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистикалық және энергетикалық қатынастарды дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән беріледі.

Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен оны нығайту перспективалары қарастырылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Германияның Федералды Президенті Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді. Екі ел президенттері қазақ-герман бизнес форумына қатысады.  Франк-Вальтер Штайнмайер сапар аясында Маңғыстау облысына барып,өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады, - деп жазылған хабарламады.

Сондай-ақ, Франк-Вальтер Штайнмайер сапар аясында Маңғыстау облысына барып,өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады. ГФР Президенті Қазақстан-Германия инжиниринг институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытының сынама бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына сапармен баратын алғашқы еуропалық президент болмақ.

Пікірлер