Шымкентте жыл сайын 2 миллион шаршы метр тұрғын үй салынатын болды

1632
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте соңғы бес жылда 3 млн. 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынған және оның 2 миллионы соңғы екі жылда берілді.

-Ендігі кезектегі межеміз - жыл сайынғы тұрғын үй көлемін 2 млн. шаршы метрге жеткізу. Ол үшін құрылыс алаңын бірінші кезекте инфрақұрылыммен дер кезінде қамтуымыз қажет, - деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Астана қаласында өткен ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінінің баспасөз брифингінде.

Бүгінде тұрғын үй кешенін тұрғызу мақсатында құрылыс аумақтары айқындалып, инженерлік жүйелерді жобалау жұмыстары басталды.
Биыл мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 4 445 отбасы баспанамен қамтылады. Алайда мемлекеттік бағдарламадан тыс қалып отырған әлеуметтік санаттағы азаматтар да бар.

Аталған санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін «Қамқор» жергілікті тұрғын үй бағдарламасы қабылданды. Айта кетейік, бағдарламаның биылғы конкурсына 150 лимит бөлінген, мәселен мұндағы «Қамқор» бағдарламасының шартына сәйкес қатысушы азамат 20 миллион теңгеге дейін 5 пайыздық жеңілдетілген несиемен баспаналы бола алады. Бағдарламаны жүзеге асыруға 3 млрд. теңге бөлінді.

Пікірлер