АЭС мәселесінің референдумға ұсынылмайтыны айтылды

1912
Adyrna.kz Telegram
Фото: dalanews.kz
Фото: dalanews.kz

Атом электр станциясы (АЭС) мәселесі референдумға ұсынылмайды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Сенат отырысында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл мәселе референдумға шығарылмайды. Бұл - бірінші. Екінші, ең маңызды мәселе – технология мен қаржылық-экономикалық модель қалай әсер ететіндігінде, - деді Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

Одан кейін тілшілер «Росатом» бұл жағдайда өз желісін бүгіп жатыр ма?» деп сұрады.

Ешкім оның жолын бөгеп жатқан жоқ, барлық компаниялар ынтымақтастықты іздейді. Жақында кореялық компания келді, олармен үлкен келіссөздер жүргізілді. Қытайдан біз қазір бұл мәселе бойынша ұсыныстарды күтіп отырмыз, - деді Энергетика министрлігі басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, атом электр станциясының уақыты мен орны 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында шешілуі тиіс екенін айтты.

Өкінішке қарай, біз әлі шешкен жоқпыз. Енді заңнамаға сәйкес мәселе қоғамдық тыңдауда, Алматы облысының мәслихатында. Бірдеңе жетіспейтін шығар. Қазір бізге тағы да жаңа министр келді, бірақ біз бұл мәселені талқылап жатырмыз. Сұрақтар көп, біз барлық мәселені қараудамыз, - деп сендірді Нұрмағанбетов.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу қажет болса, бұл мәселе референдумға шығарылатынына уәде берген болатын.

Еске салайық, 19 мамырда белгілі экономист-энергетик, «KEGOC» корпорациясының бұрынғы басшысы Әсет Наурызбаев АЭС жақтастарына болашақта жасыл энергия үшін 30 емес, 70 теңге төлеуді ұсынған болатын. Сарапшы АЭС бойынша президент уәде еткен референдумды ашық дауыс беру арқылы өткізу қажет деп есептейді.

Пікірлер