Мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлесті

2260
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  телефон арқылы сөйлесті.

Қоңырау барысында Өзбекстан басшысы Абай облысындағы өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Мемлекет басшысына және қазақ халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиёев қаза тапқан азаматтардың отбасыларының қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Көршілес екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растап, әлемдегі қазіргі жағдай туралы өзара пікір алмасты.

Пікірлер