ЕРЛАН МАЗАН: Посткеңестік елдердің егемендігін теріске шығарған Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шае БАҚ-қа берген сұхбатында ескі әңгімесін қайталапты.

2465
Adyrna.kz Telegram
Осы жылдың сәуір айында посткеңестік елдердің егемендігін теріске шығарып, жаһан халқын шулатқан Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шае 31 мамыр күні БАҚ-қа берген сұхбатында ескі әңгімесін қайталапты: «Кеңес Одағының Конституциясында Одақтас республикалардың Одақтан шегінуі жөнінде бап бар екені рас, бірақ басқа бір бап бойынша Кеңес Одағының егемендігі Одақтас республикалардың егемендігінен жоғары тұрады».
Ол әлем жұртшылығын тиісті құқықтық мәселелер бойынша талқы жүргізуге шақырды.
Ол «Менің айтқаным Қытайдың ресми сыртқы саясатына қайшы емес, Қытайдың бұрынғы Одақтас республикалармен ресми байланысты сақтауын теріске шығармайды. Біреулер түймедейді түйедей етіп отыр» деп ақталды.
Пікірлер