Қырғызстан арқылы Қазақстанға өтпек болғандар бар – Лукашенко

3069
Adyrna.kz Telegram

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қырғызстан мен Қазақстанда болған соңғы оқиғалар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, Қырғызстан билігі дер кезінде арандатуға жасалған әрекеттерді тоқтата білді.

«Жарайсыңдар, қолдарыңнан келді. Бұл инфекцияның әрі қарай таралуына жол бермедіңдер. Демек, тарихтан сабақ алдыңдар. Құрметім шексіз. Қырғызстанды жайына қалдырыңыздар!» — деді ол ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларымен кездесуде.

Сондай-ақ президент бұл әрекеттердің жайдан-жай болып жатпағанын атап өтті.

«Қырғызстанды бекерден-бекер арандатып жатыр деп ойлайсыздар ма? Жоқ. Олар Ресей арқылы Қытайға жол табатындай, Қырғызстан арқылы Қазақстанға өткісі келеді. Осыған назар аудару керек»,— деді Лукашенко.

Айта кетейік,  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасы кезінще ҰҚШҰ басшыларынан Қазақстанға көмек көрсетуді сұрағанын  болатын. Нәтижесінде елімізге ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік әскери күштері келіп, стратегиялық нысандардың қорғалуын қамтамасыз етті.

Пікірлер