Жигули Дайрабаевтың Меркідегі үйді заңсыз иемденгені жайлы деректің дәлелденгені хабарланды

4733
Adyrna.kz Telegram

7 маусымда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық соты депутат Жигули Дайрабаевты «жерүйді тартып алды» деп айыптаған Саит Рузиевтің арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы aikyn.kz-ке сілтеме көрсете отырып. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы Меркі ауылының тұрғыны видео жариялап, 140 миллион теңгелік үйін «Жигули Дайрабаев заңсыз тартып алды» деп мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Дайрабаев сот процесіне араласып, үйді өз атына рәсімдеген. Ал баспана ұжымдық басқаруда болғандықтан, Дайрабаевқа келісімсіз берілмеуі керек екен.

stan.kz-тің хабарлауынша, аудандық сот өкілдері Саит Рузиевтің шағымын қанағаттандырған:

"Саит Рузиевтің бұрынғы әйелі Рузиева мен депутат Дайрабаев арасындағы сату-сатып алу келісімшартының күшін жойды. Сонымен қатар үйді ортақ мүлік деп танып, Саит Рузиевтің үлесін заңға сәйкес белгіледі, – деп жауап берген.

Ауған соғысының ардагері Саит Рузиев бұрынғы әйелімен бірнеше жыл бойы соттасып келген. Айтуынша, әйел оның келісімін алмай, жалған құжаттар дайындап, жерүйді Жигули Дайрабаевқа сатып жіберген.

Көп ұзамай Жигули Дайрабаев өзін «жерүйді тартып алды» деген айыптауды жоққа шығарған еді.  Депутат нотариус арқылы жасалған келісімшарттың заңды екенін алға тартып, үй иелерінің құқығы сақталғанын мәлімдеген.

Сонымен қатар басылымның хабарлауынша, Жамбыл облысында тұрғындар мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың мыңдаған гектар жерді кепілге қойып, банктерден миллиардтаған теңге несие алғанын мәлімдеген еді. Ал депутаттың өзі несие алған компанияда 5 жыл жұмыс істегенімен, жер мәселесіне де мүлде қатысым болмады деп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер