Әкімдіктің өз айтары бар. Шығыс Қазақстанның қос қаласында жол жүру ақысы артады

1735
Adyrna.kz Telegram

 Былтыр Өскемен қаласында трамвай жолақысы қымбаттаған еді. Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы екі қалада автобус жолақысы 120 теңгеге қымбаттамақ. Аудан әкімдігі мұндай әрекетінің себебін де түсіндіріп үлгерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алтай ауданындағы Алтай және Серебрянск қалаларында осыған дейін қоғамдық көлік жолақысы 80 теңге болған. Енді ол 120 теңгеге дейін көтеріледі. Бұл туралы ШҚО ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова мәлім етті.

«Автобус жолақысы соңғы 5 жыл бойы қымбаттамаған. Тасымалдаушылар үлкен шығынға ұшырап жатқандықтарын айтуда. Себебі жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектер бағасы өсіп кеткен. Соған байланысты жолақы 120 теңгеге дейін көтеріледі. Қазір тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қажетті құжаттарды дайындап жатыр», - дейді ол.

Еске салсақ, былтыр Өскеменде трамвай жолақысы қымбатаған-тұғын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер