Бүгін Мәжіліс алаңында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан әскеріндегі суицид және әлімжеттік тақырыбына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Журналистер Жақсылықовтан жастардың неге әскерге барғысы келмейтінін сұрады. Министр "мәселе олардың дұрыс тәрбиеленбеуінде" деп жауап берді. Тілшілер қауымы оған қарсы: "бәлкім әскердегі қатаң тәртіп пен әлімжеттік, ұрып-соғу, одан қалса өз-өзіне қол жұмсап жатқандардың кесірінен шығар", деп қайта сұрақ қойды. Министр оларға күліп:
"Өмір деген - жизнь!.. Өмірде бәрі болуы мүмкін. Бір айтарым: адамдармен жұмыс істейтін адам бұл өмірде ешнәрседен сақтандырылмаған. Бірақ Қарулы Күштердің басшылығы одан құтылу үшін барлық шараларды қолдануда», - деп жауап берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram