"Өмір деген - жизнь!.." Қорғаныс министрі әскердегі суицид жайлы жауап берді (ВИДЕО)

4142
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/izobrazhenie_2023-06-07_160127418.png
Бүгін Мәжіліс алаңында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан әскеріндегі суицид және әлімжеттік тақырыбына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Журналистер Жақсылықовтан жастардың неге әскерге барғысы келмейтінін сұрады. Министр "мәселе олардың дұрыс тәрбиеленбеуінде" деп жауап берді. Тілшілер қауымы оған қарсы: "бәлкім әскердегі қатаң тәртіп пен әлімжеттік, ұрып-соғу, одан қалса өз-өзіне қол жұмсап жатқандардың кесірінен шығар", деп қайта сұрақ қойды. Министр оларға күліп: "Өмір деген - жизнь!.. Өмірде бәрі болуы мүмкін. Бір айтарым: адамдармен жұмыс істейтін адам бұл өмірде ешнәрседен сақтандырылмаған. Бірақ Қарулы Күштердің басшылығы одан құтылу үшін барлық шараларды қолдануда», - деп жауап берді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 
댓글
기타 기사