Он жылға сотталған генерал Серік Күдебаев үкімге шағым түсірді

2714
Adyrna.kz Telegram

10 жылға сотталған генерал-майор Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Жетісу облысы сотының хабарлауынша, Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы үкіммен келіспей, оны аппеляцияға беру туралы шешім қабылдаған. Апелляциялық сот отырысы 29 маусымда өтеді.

«Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық істі қарау Жетісу облыстық сотының ғимаратында 29 маусым күні сағат 15:00-ге белгіленді», - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Бұған дейін полицияның бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі Талдықорған қаласындағы No71 мекемеде қамауда жатқаны хабарланған болатын.

Еске салайық, Серік Күдебаевқа билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылып, он жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Пікірлер