Шу тұрғыны полицейлердің төрт жерден пышақ жарақатын салғанын айтты

3403
Adyrna.kz Telegram

Шу қаласының (Жамбыл облысы) тұрғыны полицейлер "пышақтады" деп шағым түсірді. Емхана қабырғасынан  ер адам бас прокурор мен ішкі істер министріне видеоүндеу жолдаған, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Видео авторының айтуынша, ол досы екеуін тәртіп сақшылары соққыға жығып, бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Енді ер адам іс жабылып, кінәлілер тиісті жазасын алмай ма деп қорқады.

"Үйге қайтып келе жатқан едік, полиция қызметкерлері бізді тоқтатты. Бізді Шәймерден жанармай құю бекетінің жанынан көліктен шығарды. Мен төрт пышақ жарақатын алдым", - дейді жәбірленуші.

Ол өзінің бейнежолдауында шабуыл жасағандардың есімдерін атайды. Ер адамның айтуынша, бұлар детективтер. Полиция департаменті оқиғаның барлық себептерін анықтау үшін тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері істің егжей-тегжейлі мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын қолдануда. Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауына алынды», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер