Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

5770
Adyrna.kz Telegram

Kaspi.kz ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен, Әділет министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен, АӨО РМК және ҰАТ АҚ-пен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. Енді Kaspi.kz суперқосымшасында уақытша немесе тұрақты тіркеуді ресімдеуге болады.

Сервис үй иесіне өз пәтеріне тіркелуге немесе оған басқа адамдарды тіркеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ меншік иесі оның үйінде тұрмайтындарды тіркеуден шығара алады.
Егер сіз біреудің үйіне тіркелгіңіз келсе, меншік иесінің ЖСН-ын енгізуіңіз керек, ал сервис оның келісімін өзі сұратады.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: «Біз Kaspi.kz суперқосымшасына жаңа сервистерді қоса бермекпіз. Біздің сүйікті клиенттеріміз өздерінің ұялы телефоны арқылы автокөлікті қайта тіркей алады, жүргізуші куәлігін жаңарта алады, мемлекеттік мекемелерден анықтама алып, балаларға жәрдемақы ресімдей алады, тұрғылықты жері бойынша тіркеле алады және басқа да көптеген күнделікті міндеттерді жеңіл әрі оңай орындай алады. Біз ІІМ-ге, Әділет және цифрландыру министрліктері мен басқа да мемлекеттік органдарға бірлескен жұмысты сәтті жүргізгені үшін алғыс айтамыз. Біз әр қазақстандық үшін мемлекеттік қызметтерді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі қолжетімді ете отырып, қазақстандықтардың өмірін бірге жақсартамыз», — деді.

ІІМ мемлекет басшысының тапсырмасымен полиция қызметін цифрландыру жұмысын жалғастырып жатыр.

«Мобильді қосымшалар қарапайым әрі түсінікті, ал оларды пайдалану қызмет алушылардың қызметкерлермен тікелей кездесуіне жол бермейді. Сондықтан полиция қызметінде бюрократияның жолын кесу аясында ІІМ халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы алуына ерекше назар аударады. Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер смартфондарда қолжетімді. Енді азаматтарға ХҚКО мен полиция мекемелеріне барудың, өтініштер мен шарттарды қалдырудың, белгілі бір уақыт күтудің қажеті жоқ», — деп хабарлады ІІМ-де.

«ЕДБ мобильді қосымшаларында қызметтердің танымалдығы жыл сайын артып келеді, — деп атап өтті ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі Әсет Тұрысов. — Мәселен, өткен жылы сыртқы платформалар арқылы 1 миллионнан астам қызмет алынды. Жалпы мемлекеттік қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларына шығару мемлекеттік қызмет алудың қолайлылығын арттыруға және олардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінгі таңда біз ең жиі қолданылатын қызметтердің бірі — тұрғылықты жері бойынша тіркеуді Kaspi.kz қосымшасына шығарып жатырмыз. Енді Kaspi.kz қосымшасы арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркеліп, басқаларды тіркеуден шығаруға болады. Осы бағытта министрліктің, ЕДБ мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы жалғасын табады».

Сервисті пайдалану қауіпсіз. Тіркеуді ресімдеген кезде сурет бойынша анықтаудан өту керек. Бұл сізден басқа ешкімнің сіздің атыңыздан бұл сервисті пайдалана алмайтынына кепілдік береді.

Пікірлер